• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 11:55

Жоқ тауарды сатқан: Елімізде тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтады

Қаржылық мониторинг агенттігі «CVK» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Қазіргі уақытта Агенттіктің аумақтық департаменттері еліміздің 14 өңірінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жоба өзін маркетплейс ретінде таныстырып, қатысушыларға тұрақты табыс әкелетін түрлі инвестициялық «дүкен» пакеттерін сатып алу ұсынған. Сауда қызметін имитациялау мақсатында жеке кабинетте шын мәнінде болмаған тауарларға қатысты орындалған тапсырыстар мен жеткізілімдер көрсетіліп, сол үшін виртуалды сыйақылар есептелген.

Негізгі назар реферальдық жүйеге аударылған: қатысушыларға жаңа салымшыларды тартқаны үшін ақшалай бонустар мен бағалы сыйлықтар уәде етілген.

Агрессивті өңірлік маркетинг пен ауқымды жарнамалық науқанның нәтижесінде ұйымдастырушылар заңсыз схемаға шамамен 1,5 мың салымшыны тартқан.

Жобаны ілгерлету мақсатында жабық үгіт-насихат кештері, кеңселердің салтанатты ашылу рәсімдері және жаппай таныстырылымдар өткізілген. Аталған іс-шаралар әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланып, халықтың сенімін қалыптастыру құралы ретінде пайдаланылған.

«Ақша қаражатын шығару криптовалюталық платформа арқылы жүзеге асырылып, кейін банктік шоттарға аударылған. Агенттіктің жедел шаралары нәтижесінде 474 мың USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды. Тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін WhatsApp желісінде топ құрған «ENVIDA AI» қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталғаны туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар