Астана қаласында Байқоңыр ауданындағы Т. Хусейн көшесінде екі шаруашылық құрылысы жанған. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өрттің жалпы аумағы 75 шаршы метр болған. Сөндіру жұмысы барысында 1 газ баллоны және 3 оттегі баллоны шығарылған. Осылайша ТЖМ қызметкерлері ықтимал қауіпті жағдайлардың алдын алып, өрттің таралу аумағын төмендетті.
Атыраудағы ойын-сауық саябағында өрт шықты
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққанын хабарлаған едік.