• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 21:05

БАҚ: Трамп пен Нетаньяху бір күнде екі рет телефон арқылы сөйлесті

АҚШ президенті Дональд Трамппен сөйлескеннен кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранға қарсы кешкі және түнгі уақытқа жоспарланған соққыларды тоқтатуды көздеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен АҚШ президенті Дональд Трамп Иран шабуылдарды тоқтататынын мәлімдегенге дейін бір күн ішінде екінші рет телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Израиль бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Израильдің Kan 13 телеарнасының мәліметінше, Нетаньяху мен Трамп сол күні екі мәрте телефон арқылы тілдескен.

Басылымның хабарлауынша, әңгіме Иранның Израильге қарсы шабуылдарын тоқтататыны туралы мәлімдемесінен аз уақыт бұрын болған.

Еуроодақ Израильге қарсы санкция енгізбек

Ал Yedioth Ahronoth газеті Трамппен болған әңгімеден кейін Нетаньяху кешкі және түнгі уақытта Иранға қарсы жоспарланған соққылардан бас тартуы мүмкін екенін жазды.

Бұған дейін Израиль әскері атысты тоқтату режиміне қарамастан Ливан астанасы Бейрут қаласының Дахия ауданында әуе шабуылын жасаған. Иран билігі бұл әрекетті айыптап, жауап қайтаратынын мәлімдеді.

Түнде Израильдің солтүстігіндегі бірнеше қалада Иран тарапынан зымырандар ұшырылғаннан кейін дабыл сиреналары қосылды.

Трамп Израиль мен «Хезболла» атысты тоқтатуға келіскенін мәлімдеді

Израиль әскері Иранның батыс және орталық аудандарына соққы жасағанын хабарлады. Өз кезегінде Тегеран бұл шабуылдарға зымырандық соққылармен жауап қайтарды.

Оған дейін Иран қарулы күштерінің әскери операцияларды үйлестіруге жауапты «Хатам әл-Анбия» штабы Израильге қарсы әскери операциялардың тоқтатылғанын жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар