• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 16:24

Шиеліде каналдан мәйіті табылған қыздың өліміне күдікті ұсталды

Қызылорда облысының Шиелі ауданында канал суынан табылған қыз баланың өліміне күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, күдікті ретінде сол ауданның тұрғыны анықталып, сот санкциясымен қамауға алынған.

Облыстық полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асылбек Бексейітовтің айтуынша, қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

«Күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Қазір қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары жарияланбайды», деді ол.

Ішімдіктен кейінгі жанжал адам өлімімен аяқталды

Құқық қорғау органдары істің барлық жағдайын жан-жақты зерделеп жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жастағы қыздың мәйіті табылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар