• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:18

Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті робот-иттер күзетеді

Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жаңа технология енгізілмек. Енді қаладағы қоғамдық орындарды робот-иттер патрульдеп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі, деп хабарлайды Egemen.kz

 

Ақтау қаласында қоғамдық орындарды патрульдеу үшін робот-иттер пайдаланылатын болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Заманауи бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған роботтандырылған кешендер қоғамдық тәртіпті бақылап, жағдайды онлайн режимде мониторингтен өткізеді және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына қатысады. Жиналған ақпарат нақты уақыт режимінде жедел басқару орталығына жіберіліп отырады.

Робот-иттер күмәнді заттарды анықтауға, сондай-ақ түтін мен өрт белгілерін тіркеуге қабілетті. Қауіпті жағдай анықталған кезде жүйе төтенше жағдайлар қызметтеріне автоматты түрде хабарлама жолдайды.

Болашақта бұл технологияны арнайы және терроризмге қарсы операциялар кезінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылуда. Жаңғыртудан кейін роботтар қауіпті нысандарды қашықтан тексеріп, күмәнді заттарды тасымалдау функциясын да атқара алады.

Айта кетейік, мұндай роботтандырылған платформалар бұған дейін Астана және Алматы қалаларында енгізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар