• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 13:00

Такси жүргізушілерінің табысы артады: Яндекс жаңа жеңілдіктер жариялады

Яндекс Такси серіктес жүргізушілеріне арналған адалдық бағдарламасын жаңартып, жаңа жеңілдіктер мен артықшылықтарды іске қосты. Бағдарлама аясында сервисте ұзақ уақыт тұрақты жұмыс істейтін жүргізушілер комиссия төлемін азайту мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

1 маусымнан бастап жүргізушілердің мәртебесі ай сайын жиналған ұпайлар негізінде анықталады. Жаңартылған бағдарлама бес деңгейден тұрады: «Шебер», «Кәсіпқой», «Сарапшы», «Чемпион» және «Аңыз».

Алғашқы үш деңгейге жету үшін жүргізушілерге сапарлар орындап, ұпай жинау жеткілікті. Ал «Чемпион» және «Аңыз» деңгейлеріне көтерілу үшін сервисте ұзақ уақыт бойы белсенді жұмыс істеу қажет. Мәселен, «Чемпион» мәртебесін алу үшін қатарынан кемінде 12 ай, ал «Аңыз» деңгейіне жету үшін 36 ай тұрақты қызмет көрсету талап етіледі.

Елімізде енді ұшатын таксилер пайда болады

Деңгей жоғарылаған сайын жүргізушілер үшін қосымша мүмкіндіктер де арта түседі. Олардың қатарында Яндекс Плюс жазылымы, тапсырыстарды көбірек алу үшін берілетін басымдық ұпайлары және басқа да арнайы артықшылықтар бар.

Бағдарламаның ең маңызды жаңалығы – комиссиялық жеңілдіктер. «Чемпион» деңгейіндегі жүргізушілер үшін сервис комиссиясы 3 пайыздық тармаққа төмендесе, «Аңыз» мәртебесін алғандар үшін бұл көрсеткіш 8 пайыздық тармаққа дейін қысқарады. Жеңілдік барлық такси тапсырыстарына автоматты түрде қолданылып, комиссияның жалпы көлемінен шегеріледі.

Компанияның бағалауынша, жаңа жүйенің арқасында Яндекс Про платформасының серіктес жүргізушілері 2026 жылдың соңына дейін қосымша 1,7 миллиард теңгеден астам табыс табуы мүмкін.

Такси үшін жаңа талап енгізілді: Енді апат болған жағдайда тасымалдаушыны анықтау жеңілдейді

Бағдарламадағы деңгейлер автоматты түрде есептеледі. Бұл ретте жүргізушінің сервистегі бұрынғы жұмыс тәжірибесі мен сапарлар тарихы да ескеріледі.

Соңғы жаңалықтар