Астанада үш бірдей жеке тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға Байқоңыр ауданындағы Толстой көшесінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде жалын қатар орналасқан үш үйдің шатырын толық шарпыған.
Құтқарушылардың жұмысына жанғыш материалдардың көптігі мен қою түтін кедергі келтірген. Соған қарамастан, өрт сөндіру қызметі үздіксіз су беруді ұйымдастырып, бірнеше өрт сөндіру оқпанын іске қосты.
Өрт сөндірушілер жалын ошағынан бес газ баллонын дер кезінде шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды.
Қазіргі уақытта өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.