• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан Бүгін, 18:04

Елімізде қашықтан жұмыс істейтін қандай мамандарға сұраныс жоғары?

Қазақстанда қашықтан жұмыс істейтіндердің саны бір жылда 35%-ға азайған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы алғашқы тоқсанда ел бойынша 29,8 мың адам онлайн форматта еңбек еткен. Былтыр бұл көрсеткіш 45,9 мың адамды құраған екен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соған қарамастан, еңбек нарығында қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін мамандықтарға сұраныс сақталып отыр. HeadHunter Kazakhstan дерегіне сәйкес, 20 мамырдағы 36,3 мың вакансияның 1,7 мыңы немесе 4,5%-ы қашықтан жұмыс форматын ұсынған. Онлайн форматтағы вакансиялардың ең көбі IT саласына тиесілі – жалпы ұсыныстың 23,9%-ы. Бұдан кейін бизнеске қызмет көрсету және бөлшек сауда салалары тұр.

Онлайн құрбан шалуға арналған арнайы сайт іске қосылды

Қашықтан жұмыс орындарының 77%-ы Алматы мен Астанада шоғырланған. Көбіне компаниялар сату менеджерлерін, техникалық қолдау мамандарын және бағдарламашыларды іздейді.

Ең сұранысқа ие мамандық – сату менеджері. Бұл бағытта 290 вакансия жарияланған. Орташа жалақы 501,5 мың теңгеден асады.

Call-орталық қызметкерлері мен IT мамандарына да сұраныс жоғары. IT саласында қашықтан жұмыс істейтіндердің айлығы 100 мыңнан 800 мың теңгеге дейін жетеді.

Енді жеке кәсіпкерлік атауын онлайн ауыстыруға болады

Сарапшылардың айтуынша, жұмыс берушілер үшін дипломнан бұрын нақты тәжірибе мен кәсіби дағды маңызды. Вакансиялардың басым бөлігі 1-3 жыл тәжірибесі бар мамандарға арналған. Сонымен қатар қашықтан жұмыс ұсынатын компаниялардың 78%-ы қызметкерді толық жұмыс күніне қабылдауға мүдделі.

Соңғы жаңалықтар