Қазіргі таңда нысанда 63 арнайы техника мен 85 маман жұмыс істеп жатыр. Құрылыс алаңында жер жұмыстары жүргізіліп, жол төсемінің негізі дайындалып, су өткізгіш құбырлар орнатылып жатыр.
Сонымен қатар құрылыс материалдарын үздіксіз жеткізу үшін асфальт-бетон зауыты іске қосылды. Жоба аясында қосымша өндірістік нысандарды орналастыру және құрылыс инфрақұрылымын дамыту жұмыстары да жалғасып жатыр.
Компания мамандарының айтуынша, жоба заманауи Design – Build – Maintain моделі бойынша қолға алынған. Бұл тәсіл жобалаудан бастап құрылыс және кейінгі күтім жұмыстарына дейінгі барлық кезеңді қамтиды. Мұндай жүйе жол сапасын ұзақ уақыт сақтауға және инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, маусым айынан бастап Қазақстанда теміржол тарифі қымбаттауы мүмкін.