Ақтөбе қаласында қоқыс жәшігінің маңынан жаңа туған нәресте табылды. Пакет ішінде жатқан сәбидің жылаған дауысын кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар естіп қалып, полицияға хабар берген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жедел жәрдем қызметін шақырып, шақалақ шұғыл түрде қалалық балалар ауруханасына жеткізілген.
«Жаңа туған нәресте жедел жәрдеммен пакет ішінде жеткізілді. Оның кіндік бауы мен жолдасы болған. Салмағы шамамен 3 келі болатын ұл баланың дене температурасы төмен, өмірлік көрсеткіштері әлсіз болғандықтан реанимация бөліміне жатқызылды. Қазіргі жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Барлық қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр», делінген қалалық балалар ауруханасының хабарламасында.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті баланың анасын анықтау және іздестіру жұмыстарын бастағанын хабарлады.
Қосшыда жол жиегінен нәрестенің мәйіті табылды
Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысында жаңа туған сәбиін сатпақ болған әйелдің ұсталғанын жазған болатынбыз.