• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:47

Қостанайда 15 жастағы жасөспірім достарымен бәстесіп, суға батып кетті

Қостанай облысы Лисаковск қаласында 15 жастағы жасөспірім суға батып көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға болған күні кәмелетке толмағандар тобы су айдынының маңында болған. Болжамға сәйкес, жасөспірім жүзуді нашар білсе де, достарымен бәстесіп суға секірген.

Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.

«Лисаковск қаласында Тобыл өзенінен 2011 жылы туған кәмелетке толмаған баланың денесі табылып, судан шығарылды. Ол шомылуға жабдықталмаған жерде суға батып кеткен» делінген ведомство хабарламасында.

Құтқарушылар азаматтарды тек арнайы жабдықталған орындарда шомылуға және судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Андаман теңізіндегі апат: 250 адам мінген кеме суға батып, 9 адам ғана аман қалды

Бұған дейін Қостанай облысында бассейнге батып кете жаздаған 5 жасар баланы дәрігерлер клиникалық өлім жағдайында аман алып қалған болатын. 

Соңғы жаңалықтар