• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс Бүгін, 15:20

Головкин рингке қашан оралады? Канело пікір білдірді

Мексикалық Сауль Альварес Египеттің Гиза қаласында өткен бокс кешінде Қазақстанның атақты боксшысы Геннадий Головкинмен кездесті. Бұрын рингте бір-біріне қарсы тұрған қос саңлақ бұл жолы еркін форматта жүздескен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Канелоның айтуынша, олар өткен жекпе-жектерді еске алып, түрлі оқиғаларды сөз еткен.

«Біз естеліктерімізді айтып, жақсы әңгімелестік. Арамызда үш керемет айқас өтті. Онымен бір рингте болғаныма қуаныштымын. Қазір еркін сөйлесе аламыз», деді мексикалық боксшы.

Сондай-ақ Сауль Альварес Геннадий Головкиннің кәсіпқой боксқа қайта оралуы мүмкін екенін айтты.

«Ол не істейтінін өзі шешеді. Меніңше, бұған әбден лайық. Егер тағы бір жекпе-жек өткіземін десе, бұл жақсы шешім болады», деді Канело.

Еске салайық, Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін Канелоға қарсы өткізген еді. 2022 жылдың қыркүйегінде өткен үшінші айқаста мексикалық төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Үш кездесудің қорытындысында бір тең нәтиже тіркелсе, екі жекпе-жекте Канело басым түсті.

Головкин қоштасу жекпе-жегін Қазақстанда өткізе ме?

Головкин кәсіпқой бокспен қоштасқан жоқ

Геннадий Головкин – WBC, IBO, IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы атанған тарихи тұлға. Ол кәсіпқой рингте 45 жекпе-жек өткізіп, соның 42-сінде жеңіске жетті. Тек екі рет қана Канелоға төрешілер шешімімен есе жіберді.

2024 жылы Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті президенті қызметіне тағайындалған Головкин 2025 жылы World Boxing ұйымының басшысы болды.

Головкин президент болса...

Қазақстан боксшысы мансабын аяқтағанын ресми түрде әлі мәлімдеген жоқ.

Бұған дейін Джеки Чан, Геннадий Головкин және Михаил Шайдоров Миланда кездескені туралы хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар