• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:20

Тауармен бірге жоғалып кетеді: Елімізде жеткізу қызметіне қатысты шағымдар жиілеген

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Даурен Исмаиловтың айтуынша, жеткізу қызметкерлеріне қатысты шағымдар көбейген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Д. Исмаиловтың сөзінше, кейбір курьерлер тауарлармен немесе дайын тағаммен бірге жоғалып кетеді деген жағдайлар кездесіп отыр. Алайда платформалар курьерлер үшін жауапкершілік алғысы келмейді.

«Заң жобасы шеңберінде біз электронды сауданы күшейту және реттеу мәселелерін қарастырып жатырмыз. Оның ішінде жеткізу және курьерлік қызметке, яғни тауарларды тұтынушыға қабылдау және тапсыру үдерісіне қатысты мәселелер де бар», деді спикер.

Алаяқтардың айласы өзгерді: Енді ақшаны «курьер» болып алып кетеді

Соңғы жаңалықтар