Тбилиси қаласында Қазақстанда синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырды деген күдікке ілінген ерлі-зайыпты ұсталды. Операция Ішкі істер министрлігі мен Грузия құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысы аясында жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомство мәліметінше, 2026 жылдың наурыз айынан бері Грузия аумағында Қазақстан құқық қорғау органдары іздеген 15 адам қолға түскен.
Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті ер адам 2023 жылдың қазанынан 2024 жылдың ақпанына дейін сыбайластарымен бірге Алматы облысы аумағында орналасқан жасырын зертханада мефедрон өндірісін ұйымдастырып, химик қызметін атқарған.
Оның жұбайы да Тбилисиде ұсталған. Тергеу дерегіне сәйкес, әйел адам заңсыз есірткі өндірісінің қаржылық операцияларына жауап берген. Бұл қызмет Алматы облысы мен Қарағанды облысы аумағында жүргізілген.
Аса ірі мөлшерде қаражат жымқырған Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта ұсталғандарды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов Тбилисиге жұмыс сапарымен барған болатын. Сапар барысында ол Грузия ІІМ басшысы Сулхан Тамазашвили және Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездескен.
Келіссөздер барысында тараптар ұйымдасқан қылмыс, есірткі саудасы, заңсыз көші-қон, халықаралық іздеу және кибералаяқтықпен күрес мәселелерін талқылады.
Еске салайық, көлік сатамын деп халықты алдаған алаяқ Ресейден экстрадицияланды.