• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 14:45

Туу көрсеткішінің төмендеуіне смартфондардың қатысы бар ма?

30 рет
көрсетілді

Financial Times жариялаған зерттеу смартфондардың кең таралуы мен әлемдегі туу көрсеткішінің төмендеуі арасында байланыс бар екенін көрсетті. Цинциннати университетінің ғалымдары 4G желісі ерте іске қосылған аймақтарда жастар арасындағы туу деңгейі аз уақытта құлдырап кеткенін анықтаған, деп жазады Egemen.kz.

АҚШ, Ұлыбритания, Аустралия сияқты елдерде туу көрсеткіші 2007 жылдан бастап төмендей бастаған. Кейін бұл үрдіс Франция, Польша, Мексика, Марокко және Индонезияда да байқалған. Ал Африка елдерінде көрсеткіш 2013-2015 жылдары азайған, бұл кезең смартфон сатылымының күрт өскен кезеңімен сәйкес келеді екен.

arXiv дерегіне сәйкес, демографиялық өтпелі кезең аяқталған 10 ірі елде тоғыз жыл ішінде туу коэффициенті 20%-дан астам төмендеп, бір әйелге шаққандағы бала саны 1,75-тен 1,35-ке дейін азайған.

Ғалымдардың айтуынша, мәселе смартфонның биологиялық әсерінде емес, әлеуметтік өзгерістерде жатыр. Жастардың бетпе-бет араласуы азайып, экран алдында өткізетін уақыты көбейген. Салдарынан романтикалық қатынас пен отбасы құруға бейім адамдар саны азайып барады.

Илон Маск: 5 жылдан кейін смартфон пайдаланбаймыз

Сонымен қатар 2025 жылы Medicine журналында жарияланған зерттеу смартфон қолдану ерлердің гормондарына, шәует сапасына немесе жыныстық функциясына тікелей әсер етпейтінін көрсеткен. Ал Reproductive Toxicology журналындағы шолу зерттеуі радиожиілікті сәуленің репродуктивті жасушаларға ықпалы болуы мүмкін екенін айтады. Бірақ бұл тұжырым әзірге жануарларға жасалған тәжірибелерге негізделген.

Еске салайық, жуырда смартфон туралы Қазақсанда жаңа тыйым енгізілді.

Соңғы жаңалықтар