Алматыда қарт әйелді аяусыз соққыға жыққан ер адамның бұрын да ауыр қылмыстар үшін сотталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еске салайық, аялдамада болған шабуылдың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Оны зардап шеккен әйелдің қызы жариялаған. Оның айтуынша, күдікті адамдар азайған сәтті күтіп, әйелге шабуыл жасаған.
Белгілі болғандай, бұл оның алғашқы ауыр қылмысы емес. 2020 жылы ол басқа оқиғаға байланысты сотты болған. Ол кезде екі ер адам оның үйіне келіп, ірі көлемдегі қарызды қайтаруды талап еткен. Кейін олар үйге күшпен кіріп, жанжал туындаған.
Қақтығыс барысында ер адам ас үй пышағын пайдаланып, бірнеше соққы жасаған. Соның салдарынан бір адам қаза тауып, екіншісі ауыр жарақат алған.
Атырауда тікелей эфирде қызды аяусыз ұрған жігіт ұсталды
Сот оның әрекетін өзін-өзі қорғау кезінде жасалғанымен, қажетті қорғаныс шегінен асқан деп танып, екі жылға бас бостандығынан айырған. Сонымен қатар оған психиатриялық бақылау тағайындалған.