Қазақстанда 2027 жылы жаңа 20 000 теңгелік банкнота айналымға шығады. Бұл туралы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, жаңа купюра келесі жылы қолданысқа енгізіледі, ал қазіргі 20 000 теңгелік банкнота белгілі бір уақытқа дейін қатар айналымда болады.
Ұлттық банк басшысы жаңа банкнотаның дизайны бұрын таныстырылғанын атап өтті. Алайда оны толық енгізу үшін өндіріс процесі мен банктердің, соның ішінде банкомат желілерінің дайындығы қажет. Осы себепті жаңа купюра кезең-кезеңімен енгізіледі.
Ескі 10 мың теңгелік банкноттарды пайдалану мерзімі ұзартылды
Тимур Сүлейменовтің сөзінше, осы жаңартудан кейін елдегі банкноталар қатары толық жаңартылатын болады.
Сондай-ақ брифинг барысында журналистер Қазақстанда тиындарды да жаңарту жоспары бар-жоғын сұрады.
Елімізде 500 теңгелік жаңа банкнот айналымға шығарылды
Бұл мәселеге қатысты Тимур Сүлейменов тиындарды жаңарту бойынша нақты шешім қабылданбағанын айтты.
«Монеталарға қатысты әзірге ештеңе айта алмаймын. Қолма-қол ақша айналымына байланысты әртүрлі жоспарлар бар, бірақ нақты шешім әлі қабылданған жоқ», деді ол.