• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ипотека Бүгін, 15:16

Ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаға байланысты өзгереді

30 рет
көрсетілді

1 шілдеден бастап ипотекалық несиелер бойынша шекті мөлшерлеме бастапқы жарна көлеміне қарай белгіленеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Егер алғашқы жарна 30%-дан асса, онда жылдық мөлшерлеме 20%-дан жоғары болмайды. Ал жарна 30%-дан төмен болса, мөлшерлеме бұрынғыдай 25%-ға дейін жетуі мүмкін.

Қазір елімізде ипотекалық несиелер бойынша шекті мөлшерлеме 25% деңгейінде сақталып отыр. Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл көрсеткішті 20%-ға дейін төмендетуге бірнеше рет әрекет жасаған.

Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді

Тимур Сүлейменовтің сөзінше, өзгерістерге қатысты техникалық мәселелер әлі де пысықталып жатыр. Тиісті шешім жобасын мамыр айында жариялау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар