Жолаушылар сұранысының артуына байланысты Астана және Ақтау бағыттарындағы бірқатар рейстер жиілейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
FlyArystan компаниясы 2026 жылдың жазғы маусымында ішкі рейстер санын арттыратынын жеткізді. Осыған байланысты бірқатар өзгерістер енгізіледі:
1 маусым мен 31 тамыз аралығында Астана – Шымкент бағыты бойынша рейстер саны кей күндері күніне 4 рейске дейін көбейтіледі. 6 маусым мен 29 тамыз аралығында Астана – Қызылорда бағытында рейстер саны кей күндері күніне 2 рейске дейін артады. Ақтау – Шымкент бағыты бойынша қосымша кері рейстер енгізіледі. Ақтау – Ақтөбе бағытына қосымша рейс күні қосылады.Қазақстаннан Дубайға рейстер 31 мамырға дейін тоқтатылды
Авиабилеттер әуе компаниясының ресми сайты, мобильді қосымшасы және басқа сату арналары арқылы қолжетімді. Базалық тарифке 7 кг-ға дейінгі қол жүгін және борттағы орынның автоматты тағайындалуы кіреді.