• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан Бүгін, 11:47

Астана – Шымкент бағытында ұшақтар күніне 4 рет ұшатын болады

30 рет
көрсетілді

Жолаушылар сұранысының артуына байланысты Астана және Ақтау бағыттарындағы бірқатар рейстер жиілейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

FlyArystan компаниясы 2026 жылдың жазғы маусымында ішкі рейстер санын арттыратынын жеткізді. Осыған байланысты бірқатар өзгерістер енгізіледі:

1 маусым мен 31 тамыз аралығында Астана – Шымкент бағыты бойынша рейстер саны кей күндері күніне 4 рейске дейін көбейтіледі. 6 маусым мен 29 тамыз аралығында Астана – Қызылорда бағытында рейстер саны кей күндері күніне 2 рейске дейін артады. Ақтау – Шымкент бағыты бойынша қосымша кері рейстер енгізіледі. Ақтау – Ақтөбе бағытына қосымша рейс күні қосылады.

Қазақстаннан Дубайға рейстер 31 мамырға дейін тоқтатылды

Авиабилеттер әуе компаниясының ресми сайты, мобильді қосымшасы және басқа сату арналары арқылы қолжетімді. Базалық тарифке 7 кг-ға дейінгі қол жүгін және борттағы орынның автоматты тағайындалуы кіреді.

Соңғы жаңалықтар