• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 11:35

Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды

40 рет
көрсетілді

Израиль мен Ливан арасындағы атысты тоқтату режимі үш аптаға дейін ұзартылды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақ үйде өткен кездесулерге Израиль мен Ливан елшілері қатысып, тараптар арасындағы диалогтың екінші кезеңі өткізілген. Трамп келіссөздердің нәтижесін «өте сәтті» деп бағалап, АҚШ Ливанға «Хезболла» тобына қарсы қорғаныс жүйесін нығайтуға көмектесетінін айтты. Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды Сонымен қатар ол алдағы уақытта Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху және Ливан президенті Жозеф Аунмен кездесу жоспарланып отырғанын және биыл екі ел бейбіт келісімге келу ықтималдығы жоғары екенін атап өтті.

Келіссөздерге «Хезболла» өкілдері қатыспаған. Топ өкілдері атысты тоқтату режимін қолдайтынын, бірақ Израиль тарапынан келісім толық сақталуы тиіс екенін мәлімдеген. Сондай-ақ олар тікелей келіссөздерге қарсы ұстанымын білдірді.

Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Атысты тоқтату туралы уағдаластық өткен аптадағы Вашингтондағы келіссөздерден кейін жасалып, қақтығыстар деңгейін айтарлықтай төмендеткенімен, Ливанның оңтүстігінде шиеленіс әлі де жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар