• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 10:10

Енді «Сергек» камералары күмәнді әрекеттерді автоматты түрде тіркейді

30 рет
көрсетілді

«Сергек» камералары енді жол ережесін бұзғандарды ғана емес, қоғамдық орындардағы күдікті жағдайларды да тіркей алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Егер камера қалыпты жағдайдан тыс немесе күдік тудыратын көріністі тіркесе, сигнал бірден Жедел әрекет ету орталығына жіберіледі. Осыдан кейін полиция жанжал ушығып кетпей тұрып араласуға мүмкіндік алады.

Астанадағы жылы аялдамалар «Сергек» жүйесіне қосылды

«Мұндағы логика қарапайым: агрессия көбіне сөзден емес, әрекеттен басталады. Ол жанжалдың төбелеске ұласуынан, адамдардың күрт жиналуынан, кадрда қарудың пайда болуынан немесе көпшілік арасындағы шиеленістен байқалады. Дәл осындай жағдайлар нақты қауіп төндіреді және оларды Sergek VMS бейнебақылау мен мінез-құлықты талдау жүйесі тіркейді», деп түсіндірді Sergek Group өкілдері.

Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады

Еске салайық, бұған дейін Мәжілісте қоғамдық орындарда агрессивті мінез-құлықты анықтау үшін «Сергек» жүйесін пайдалану ұсынылған еді. 

Соңғы жаңалықтар