Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, бір топ жас ғалымға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады, деп жазады Egemen.kz.
Марапаттау рәсімінде Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің зертхана жетекшісі Сәрсенбек Монтаев, Генетика және физиология институтының қауымдастырылған профессоры Анастасия Перфильева, Ядролық физика институты Астана филиалының аға ғылыми қызметкері Әлішер Мүтәлі сөз сөйледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ғылым экономика мен қоғамның сұранысына сай болуға тиіс
Сондай-ақ Президент салтанатты жиында ғылым саласындағы үлкен жетістіктері және жоғары білімді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ ғалымды мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен бірге суретке түсті.