Қорғаныс министрлігі «2026 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы» бұйрықты жариялады.Құжатқа сәйкес, биыл әскери жиындарға 3 мың әскери міндетті тарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының басшылығына жүктелген. Ол 2026 жылдың 19 сәуірінен бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, 17 наурыздан бастап қала және аудан әкімдері орынбасарларының төрағалығымен құрылған шақыру комиссиялары азаматтарды мерзімді әскери қызметке қабылдау жұмыстарын бастаған.
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Қарулы күштер Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Алмас Исабековтың мәліметінше, 30 маусымға дейін 18 бен 27 жас аралығындағы 21 мың азаматты әскерге шақыру жоспарланған.
Психологиялық қолдау: Гвардейск гарнизонында әскерилердің тәртібі талқыланды