Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына кезекті алтын жүлде түсті, деп жазады Egemen.kz.
75 келіде Сабыржан Аққалықов Өзбекстан өкілі Жавохир Абдурахимовпен жұдырықтасты. Тартысты өткен бәсекеде отандасымыз 5:0 есебімен айқын жеңіске жетіп, алтын жүлде иеленді.
Енді Ұлттық құраманың 2 өкілі шаршы алаңға шығады. Бүгін 60 келі салмақта бақ сынаған Оразбек Асылқұлов алтын медаль олжалады. Осыдан кейін рингке көтерілген Төрехан Сабырхан күміс медаль еншіледі. Бұдан бөлек, ерлер командасы сапындағы Махмұд Сабырхан, Ертуған Зейнуллинов пен Сағындық Тоғамбай қола медальге қол жеткізді. Сондай-ақ күні кеше қыздар құрамасы Азия біріншілігін 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен қорытындылады. Жеңістің бірінші тұғырынан көрінген бұрымды боксшыларды Президент құттықтады.