• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:30

Алаяққа алданған жағдайда ақшаны қайтару мүмкін бе?

30 рет
көрсетілді

Күн сайын ондаған отандасымыз алаяқтардың құрығына түсіп, миллиондаған қаражатынан айырылып жатады. Бұл тек материалдық шығын ғана емес, азаматтардың жан дүниесіне салмақ салып, ментальды саулығына да орасан зор нұқсан келтіретін қоғамдық дертке айналып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандардың айтуынша, елде алаяқтардың жаңа тәсілі кең таралып жатыр. Олар өздерін шенеунік немесе жоғары лауазымды тұлғалардың атынан таныстырып, азаматтардың сеніміне кіруге тырысады.

Алаяқтардың әрекеті әдетте бір сценарий бойынша жүреді. Алдымен олар телефон немесе мессенджер арқылы хабарласып, жалған аккаунттар мен нөмірлерді пайдаланады. Қоңырау барысында адамға атымен жүгініп, сенімді сөйлеу арқылы оның күдігін азайтады.

Келесі кезеңде олар «шұғыл қауіп» бар екенін айтып, мысалы, деректердің таралуы немесе ақшаға төнген қауіп туралы хабарлайды. Осылайша адамға ойлануға уақыт бермей, тез әрекет етуді талап етеді.

Айыппұл туралы жалған хабарлама: Алаяқтар алдаудың жаңа түріне көшті

Одан кейін іске «мамандар» немесе «құқық қорғау органдарының қызметкерлері» қосылады. Олардың міндеті – жәбірленушіні еш сұрақсыз нұсқауларды орындауға көндіру. Үдерістің соңы ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударумен аяқталады.

Маңызды жайт: мұндай «қауіпсіз шоттар» мүлде жоқ. Бұл – тек ақша жымқыру тәсілі. Ақша аударылғаннан кейін алаяқтар байланысқа шықпай қояды, ал қаражатты қайтару өте қиын. Мамандардың айтуынша, алаяқтар жалған нөмірлерді, дауысты өзгерту технологияларын және фейк аккаунттарды қолданады. Мұның бәрі сенім қалыптастыру үшін жасалады. Банктер мен мемлекеттік органдар ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейді. Сондықтан күмәнді жағдайда бейтаныс адамдардың нұсқауын орындамау, ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеру және қажет болса, бірден құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

Полиция инвестициялық алаяқтықтың қауіпті схемалары туралы ескертті

Мамандар бейтаныс жандардың нұсқауын орындамауға және күдік туса, дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады. Егер алаяқтардың құрығына түсіп қалсаңыз, барлық хаттар мен скриншоттарды, чектерді сақтап қою қажет. Бұл деректер полиция жұмысына айтарлықтай көмек болады.

Уақыт созбай, алаяқтық фактісі неғұрлым тез тіркелсе, ақшаны қайтару мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Соңғы жаңалықтар