• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:30

Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі

20 рет
көрсетілді

10 сәуір күні Қазақстанның бес қаласында атмосфералық ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр. «Қазгидромет» мәліметінше, мұндай жағдайлар Өскемен, Семей, Риддер, Тараз қалаларында және күндіз Алматыда күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Синоптиктердің түсіндіруінше, қолайсыз метеожағдайлар – әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Бұл құбылыстар зиянды заттардың атмосфераның төменгі қабатында жиналуына әкеледі.

Нәтижесінде елді мекендерде ауа сапасы нашарлап, бұл тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, ауадағы ластану деңгейіне желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық пен ауа температурасы секілді синоптикалық жағдайлар тікелей ықпал етеді.

Магниттік дауыл кезінде адам ағзасында қандай өзгеріс болады?

Осыған байланысты тұрғындарға мынадай сақтық шараларын сақтау ұсынылады:− ашық ауада, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздеріне жақын жерлерде ұзақ уақыт болмау;

− балалар мен жүкті әйелдерге серуендеуді шектеу;

− тыныс алу, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулары бар адамдар өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі тиіс;

− ашық ауада дене жүктемесін азайтып, спортпен жабық ғимараттарда айналысу қажет.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның 16 өңірі мен үш мегаполисінде дауылды ескерту жарияланған еді.

Соңғы жаңалықтар