«Қайрат» футбол клубының шабуылшысы 2025 жылғы сыйлықтың «Спорт» номинациясы бойынша лауреаты атанған болатын. Алайда спортшы тығыз ойын кестесі мен маңызды матчтарға байланысты өткен жылдың 26 қарашасында ұйымдастырылған ресми марапаттау рәсіміне қатыса алмаған.
«Дарын» мемлекеттік сыйлығы табысталды
Министр өз сөзінде спортшының жетістіктері өскелең ұрпақ үшін үлгі екенін атап өтті.
«Сіз бүгін жоғары нәтиже көрсетіп қана қоймай, өскелең ұрпаққа үлгі болып жүрсіз. Балаларды спортқа, футболға баулып, салауатты өмір салтын насихаттауда еңбегіңіз зор. Президентіміз айтқандай, кез келген еңбек қадірлі әрі ел игілігіне қызмет етеді. Спорт – салауатты өмірдің негізі, ол адамды биік белестерге жетелеп, ел абыройын асқақтатады. Жетістіктеріңіз жастарға үлгі болып, бұл марапат сізді жаңа белестерге жетелей берсін», деді Аида Балаева.
Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 50 жас футболшысының қатарына енді
Айта кетейік, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жыл сайын ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет және спорт саласында ерекше көзге түскен талантты жастарға беріледі.
Испаниялық журналист Дастан Сәтпаевтың «Ақтөбеге» соққан голына тәнті болды