• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Энергетика Бүгін, 10:55

Қазақстанда 8 жаңа электр станциясы салынады

10 рет
көрсетілді

Қазақстанда электр энергиясына деген сұранысты өтеу және энергетикалық жүйенің тұрақтылығын күшейту мақсатында көмір генерациясын дамытуға бағытталған ауқымды жоба жүзеге асырылады. Жаңа бастама аясында 2030 жылға дейін 8 электр станциясы салынып, қолданыстағы 11 нысан жаңғыртылады, бұл елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға жол ашады, деп жазады Egemen.kz.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2026-2030 жылдарға арналған көмір генерациясын дамыту жөніндегі Ұлттық жоба елдің энергетикалық инфрақұрылымын жаңғыртып, Біртұтас электр энергетикалық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты стратегиялық тұрғыдан өтеуді көздейді.

Негізгі басымдық базалық энергия көздерін дамытуға беріліп отыр. Жоспарға сәйкес, 2030 жылға дейін жалпы қуаты 7,8 ГВт жаңа және жаңартылған генерация көздері іске қосылады. Оның ішінде 8 жаңа электр станциясының құрылысы және жұмыс істеп тұрған 11 станцияны жаңарту қарастырылған.

Өңірде энергия тапшылығы болмайды

Жаңа нысандардың ішінде еліміздің бірнеше өңірін қамтитын маңызды жобалар бар. Атап айтқанда, Курчатов қаласында қуаты 700 МВт конденсациялық электр станциясы, Екібастұзда қуаты 2 640 МВт ГРЭС-3, Қарағанды мен Екібастұзда тиісінше 350 МВт және 180 МВт жылу электр станциялары салынады. Сонымен қатар Жезқазған (500 МВт), Көкшетау (240 МВт), Семей (360 МВт) және Өскемен (360 МВт) қалаларында жаңа жылу электр орталықтары бой көтереді.

Олжас Бектенов Түркістанда салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді

Жоба аясында тек жаңа қуат көздерін іске қосу ғана емес, қолданыстағы станциялардың тиімділігін арттыру да көзделген. Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде жабдықтардың тозу деңгейін 13% төмендету жоспарланып отыр.

Бұл бастама елдің экономикалық дамуына да тікелей әсер етеді. Жаңа энергетикалық қуаттар өнеркәсіптің өсуіне, цифрлық экономиканың дамуына және жасанды интеллект технологияларын енгізуге берік негіз қалыптастырады.

ЖИ-ді дамыту үшін электр энергиясының мол қоры керек: Сарапшы түсіндірді

Сонымен бірге көмір генерациясы технологиялық жаңғырту мен экологиялық талаптарды сақтау жағдайында энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөлін сақтап қалады. Бұл Қазақстанның ұзақ мерзімді энергетикалық тұрақтылығын нығайтатын стратегиялық қадамдардың бірі болмақ.

Соңғы жаңалықтар