• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Наурызнама: бүгін – қайырымдылық жасайтын күн

10 рет
көрсетілді

Наурызнама онкүндігі аясында 15 наурыз – қайырымдылық күні ретінде белгіленген. Бұл күні еліміздің әр өңірінде мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Қоғамда мейірім мен жанашырлықты насихаттауды мақсат еткен бастамалар арқылы адамдар бір-біріне қол ұшын созып, игі дәстүр жаңғырады, деп жазады Egemen.kz.

 

Қазақ тұрмысында Ұлыстың ұлы күні тек бір күнмен шектелмеген. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жазбаларында Наурыз мейрамы сегіз-тоғыз күн бойы аталып өткені туралы дерек бар. Осы тарихи дәстүрді негізге ала отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жаңа форматтағы Наурызнама онкүндігі бекітілді. Ұлық мереке он күн бойы әртүрлі мазмұндағы тақырыптық күндер арқылы тойланады.

Наурызнама нақышы

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің тағы бір жазбасында Наурыз күндерінің халық тұрмысындағы ерекшелігі кеңінен сипатталады.

«Ол күні қожаларға оқытатұғын, Наурызға арналған кітап болады. Наурыз жайын ұқтыратұғын ол кітаптың атын «Салдама» дейді. Ол күнде тілі орамды, сөзге шешен шалдардың батасы болады. Қожа кітап оқығанда, шалдар бата қылғанда, жұрт жылап, шулап: «Амин!» деп отырады. Сонан соң олардың айтқаны айтқандай келіп халық, жұрт ілгері басып, малы да өсіп, басы да өсіп берекелі болады», деп жазады ол.

Ғұлама еңбегінде сол дәуірдегі Наурыз дәстүрлері де нақты суреттеледі. Шамасы келмеген кедейлердің өзі бір қой сойып, наурыз көжеден ауылға дәм татқызуға тырысқаны айтылады. Ал ауқатты үйлерде ірімшік пен майдан жент жасалып, арнайы сақталған.

«Шырақтарым, Самарқанның көк тасы жібігенде, бұл жент те өзі балқып, босайды. Сонда бастаймын!» деп бәйбішелердің жентті дәл Наурыз күні тарқататынын да ғұлама ерекше атап өтеді.

Қайырымдылық күні – Наурызнама онкүндігінің маңызды мазмұндық бағыттарының бірі. Бұл күн адамдарды жақсылық жасауға, мұқтаж жандарға қамқор болуға үндейді. Еліміздің көптеген өңірінде қайырымдылық жәрмеңкелері, әлеуметтік акциялар мен еріктілер қозғалысының шаралары ұйымдастырылады. Көпбалалы отбасыларға, ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және тұрмысы төмен жандарға көмек көрсету игі дәстүрге айналып келеді.

Омар Хайямның «Наурызнама» трактаты

Қазақ қоғамында қайырымдылық ұғымы ежелден ерекше мәнге ие. «Жылу жинау», «асар» секілді дәстүрлер халықтың бір-біріне сүйеніш болып, қиындықты бірге еңсеру мәдениетін қалыптастырған. Бүгінгі Қайырымдылық күні де сол ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, қоғамдағы өзара қолдау мен жанашырлық рухын нығайтуға қызмет етеді.

 

Соңғы жаңалықтар