• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 12:37

Алматыдағы медициналық мекеме науқастардың денсаулығына қауіп төндіретін құрылғыларды пайдаланған

30 рет
көрсетілді

Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті департаменті Алматы қаласындағы «Орталық қалалық клиникалық аурухана» мекемесіне жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп жазады Egemen.kz.

Тексеру барысында 2026 жылғы 11 ақпанға дейін медициналық мекемеде 106 науқас мониторингі модулі міндетті рәсімдерден өтпей пайдаланылғаны белгілі болды. Мекеме аталған жабдықтарды метрологиялық аттестациясыз қолданған. Сондай-ақ мемлекеттік реестрде тіркемеген және міндетті тексеруден (поверкадан) өтпеген. Соған қарамастан, құрылғылар медициналық көмек көрсету барысында пайдаланылған. Бұл модульдер науқастардың жүрек соғу жиілігі, артериялық қысым, қандағы оттегі деңгейі (SpO₂), электрокардиограмма (ЭКГ) және дене температурасы сынды өмірлік маңызды көрсеткіштерін кезінде пайдаланылған.

Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады

«Мұндай жабдықты өлшеу дәлдігін растамай қолдану клиникалық шешім қабылдауға тікелей әсер етіп, науқастардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Тексеру нәтижесінде медициналық ұйым қызметінде «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңының 17 және 19-баптарының талаптары бұзылғаны анықталды. Анықталған фактілер тексеру материалдарымен расталды. Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама берілді. Жабдықтарды пайдалану заң талаптарына толық сәйкестікке келтірілуі тиіс», делінген хабарламада.

Оқушылар медициналық көмексіз қалған: Жетісу облысында мектептер тексерілді

Анықталған бұзушылықтар үшін мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 600 АЕК (2 595 000 теңге) көлемінде айыппұл төлеген.

Соңғы жаңалықтар