• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 11:10

Астанада ет, сүт өнімдерін арзан бағада қайдан алуға болады?

40 рет
көрсетілді

Мамыр айының 1, 2, 3 күндері елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Мерекелік жәрмеңке Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңкеде жергілікті фермерлер және өңірлерден келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Көкөністер мен жеміс-жидектер, ет, ұн, сүт өнімдері, табиғи шырындар және тағы басқа тауарлар саудаланады.

Іс-шара 1, 2 және 3 мамыр күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында өтеді.

Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?

«Жәрмеңкеге келушілердің ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайды», делінген хабарламада.

Азық-түлікке қанша жұмсайсыз?

Соңғы жаңалықтар