• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:45

Бурятияда қар көшкіні жүрді: Қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы бар

50 рет
көрсетілді

28 сәуір күні Бурятияның Муй ауданындағы «Ирокинда» кенішінде 9 адам технологиялық жолды тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқанда қар көшкіні болған, деп жазады Egemen.kz.

Төтенше жағдай кезінде 3 адам өз бетінше қауіпсіз аймаққа шыққан. 

Оқиға орнында ауқымды іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылып, 6 азаматтың мәйіті табылған.

Алматыда лай көшкінінен ғимараттың шатыры зақымдалды

ТАСС ақпараттық агенттігі елдің құқық қорғау органдарының дерегін жариялап, қаза болған 6 азаматтың бірі Қазақстан азаматы екенін мәлімдеді. Онда ел азаматының кеніште жұмысшы болғаны да хабарланған. Ал қалған қаза болғандар Ресей Федерациясының азаматтары екені белгілі болды. 

Оңтүстік Кореяда зауыт өртенді: Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматы бар

Соңғы жаңалықтар