АҚШ пен Израильдің Тегеранда орналасқан мұнай сақтау нысандарына жасаған әуе соққыларынан кейін ел билігі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін төрт мұнай қоймасына соққы жасалғаны хабарланған еді. Ирандық бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, елде мұнай өнімдерінің қоры жеткілікті.
Tasnim агенттігінің жазуынша, ықтимал шабуыл алдын ала болжанған. Осыған байланысты Иранда отын сақтау орындарын өзгерту және қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілген.
Шабуылдардан кейін Иран билігі қышқылды жаңбыр болуы мүмкін екенін ескертті.
Ал Бахрейн Ішкі істер министрлігі ұшқышсыз ұшу аппараты елдегі теңіз суын тұщыту қондырғысына соққы жасағанын хабарлады. Дегенмен, Бахрейннің су ресурстарын басқару мекемесінің мәліметінше, бұл жағдай елдегі сумен қамту жүйесіне әсер етпеген.
The New York Times басылымының дерегіне сәйкес, қақтығыс басталғалы бері АҚШ-та бензиннің орташа бағасы 16 пайызға өскен. Ел бойынша орташа баға 2024 жылдың тамыз айының басынан бері мұндай деңгейге жетпеген.
Сонымен қатар Axios басылымы АҚШ пен Израиль қақтығыстың кейінгі кезеңінде Ирандағы жоғары деңгейде байытылған уран қорын қолға түсіру үшін арнайы күштер жіберу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады.
АҚШ Ирандағы мектепке жасалған соққыға қатысы бар екенін мойындады
Иранның Қызыл жарты ай қоғамының мәліметінше, АҚШ пен Израиль жасаған әуе соққылары салдарынан шамамен 9700 азаматтық нысанға елеулі зақым келген. Оның ішінде 8 мыңға жуық нысан тұрғын үйлер екені айтылды.
Трамп Иранның келесі көшбасшысын таңдауға қатысқысы келетінін айтты