Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысушылар Ақорда резиденциясына келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәртебелі меймандарды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Қонақтарды қарсы алу рәсімі ресми түрде өтті.
Сондай-ақ, саммитке қатысушылар дәстүр бойынша бірлескен естелік суретке түсті.