Ақмола облысындағы Нұрлы ауылында бірқатар спорт нысандарына зиян келтірілген. Атап айтқанда, жабық арена мен ашық стадионның терезелері мен есіктері сындырылып, трибуналар бүлінген. Сонымен қатар спорттық құрал-жабдықтар да ұрланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полицияның мәліметінше, бұл іске үш жасөспірімнің қатысы бар деген күдік бар. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше жасөспірімдер спорт нысанының аумағына заңсыз кірген. Қазір олардың басқа адамдармен байланысы бар-жоғы да тексеріліп жатыр.
Алматыда тәртіп бұзған жасөспірімдер ел аумағынан шығарылуы мүмкін
Облыс әкімі бұл жағдайды жеке бақылауына алды.