• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 13:55

Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді

30 рет
көрсетілді

Өңірлік экологиялық саммитте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі халықаралық консультациялардың бірінші кезеңі өтетініне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өңірлік деңгейдегі бастамалардан бөлек, біз су ресурстары саласында жаһандық ықпалдастықты кеңейтуге басымдық береміз.

Былтыр желтоқсан айында Ашхабадта БҰҰ агенттігі ретінде қызмет ететін Халықаралық су ұйымын құру жөнінде ұсыныс жасадым», деді Мемлекет басшысы.

Президент: Жаһандық экологиялық модельге көшу үрдісі әділ сипатта өрбуге тиіс

Президент аталған бастаманың өте өзекті екенін атап өтті.

«Аталған бастама өте өзекті. Өйткені қазіргі кезде БҰҰ жаһандық басқарудың бірізділігі мен тиімділігін арттыру үшін мыңдаған мандатты қайта саралап жатыр.

Бүгінгі саммит аясында бұл ұсынысқа қатысты халықаралық консультациялардың бірінші кезеңі өтетініне қуаныштымын», деді қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы аймақтық цифрлық экожүйе құру бастамасын қолдады

Соңғы жаңалықтар