• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Маңғыстауда жаппай мал қырылып жатыр: фермерлер өтемақы талап етті

30 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында қатты жауын-шашын салдарынан мал шығыны тіркеліп, фермерлер биліктен өтемақы төлеуді және өлген малды жою жұмыстарын ұйымдастыруды сұрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Lada.kz-тің жазуынша Қарақия ауданында екі күн ішінде малдың жаппай қырылуы тіркелген. Фермерлердің айтуынша, жауын-шашын салдарынан жер батпақтанып, мал жүре алмай қалған.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, 20–21 сәуір аралығында жалпы 553 бас мал қырылған. Оның ішінде жылқы, құлын, түйе, қозы-лақ және басқа да мал түрлері бар.

17 жыл мал баққан шопан күдікке ілінді: Жетісу облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы ашылды

Маңғыстау облысы әкімдігі қазіргі уақытта жерді қалпына келтіру, арнайы техниканы тарту және өлген малды ветеринарлық талаптарға сай жою жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады. Сондай-ақ малды есепке алу және сәйкестендіру жұмыстары (чип арқылы) жүріп жатыр.

Залалдың орнын толтыру мәселесі қолданыстағы заңнама аясында қаралатыны айтылды.

Бұған дейін де өңірде қолайсыз ауа райы салдарынан тұрғын үйлер мен шаруашылық нысандары зардап шеккені хабарланған.

Соңғы жаңалықтар