Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен «Karaganda Wind Power» компаниясының төрағасы Шао Юэбо аймақтық экологиялық саммит барысында жел электр станциясын салу жөніндегі инвестициялық келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоба Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағдарламасы және мемлекетаралық келісім аясында жүзеге асырылады.
Жалпы инвестиция көлемі – 645 миллион АҚШ долларын құрайды. Болашақ станция жылына шамамен 1,6 млрд кВт·сағ электр энергиясын өндіреді. Сонымен қатар, бұл жоба атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының көлемін жыл сайын шамамен 1,3 млн тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.