• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң Кеше

Еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындары жаңа Конституция жобасын қолдады

10 рет
көрсетілді

Еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындары жаңа Конституциясының жобасын қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының құрамына кіретін Ақтөбе ферроқорытпа зауытының ұжымы жаңа Конституцияның мәніне тоқталып, азаматтарды дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды. Кәсіпорын қызметкерлерінің пікірінше, референдум мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындайтын маңызды қадам болмақ.

Жаңа Конституция жобасын «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС қызметкерлері де қолдады. Олардың айтуынша, жаңартылған конституциялық нормалар құқықтық мемлекетті нығайтуға, билік институттарының рөлін арттыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуге бағытталған.

Сондай-ақ Абай облысындағы ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі – «СемАЗ» ЖШС-да конституциялық реформаны қолдайтынын мәлімдеді. 400-ден астам маман еңбек ететін ұжым жаңа Конституция құқықтық кепілдіктерді нығайтып, тұрақтылық пен даму мүмкіндіктерін кеңейтетінін, өңір мен ел экономикасының өсуіне серпін беретінін атап өтті.

Үш кәсіпорын да референдумға қатысуды азаматтық жауапкершіліктің көрінісі ретінде бағалайды. Олар жаңартылған Конституция Қазақстанның тұрақты әрі прогрессивті дамуына берік негіз қалайды деген сенім білдірді.

Кәсіпорын қызметкерлері тұрақты және ашық құқықтық ортаны қалыптастыру өндірісті дамытуға, инвестиция тартуға және елдің әлеуметтік-экономикалық өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін ерекше атап өтті.

Ұжымдар референдумға қатысуды Қазақстанның болашағын қалыптастыруға қосылған нақты үлес деп санайды.

Соңғы жаңалықтар