• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 11:38

Президент Қазақстан азаматын босатуға қалай көмектесті: Үш ел басшысымен жүргізілген келіссөздің мән-жайы айтылды

100 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша президенті мен премьер-министріне алғыс білдірілген хат жолдайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Польша Республикасының аумағында бұған дейін тұтқындалған Қазақстан азаматы биыл 28 сәуірде бостандыққа шыққаны белгілі. Мұндай нәтижеге Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан азаматтарын, соның ішінде шетелдегі отандастарымыздың құқығы мен мүддесін дәйекті түрде қорғауының арқасында қол жеткізілді.

Мемлекет басшысы таяуда Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесіп, күрделі жағдай кезінде екі ел конструктивті тұрғыдан ынтымақтаса әрекет еткені үшін ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті оңтайлы нәтижеге қол жеткізуге ықпал еткен Ресей Президенті Владимир Путинге де алғыс айту орынды деп санайды.

Мемлекет басшысы Польша Президенті Кароль Навроцкий мен Премьер-министр Дональд Тускке Польша тарапы орын алған жағдайға байланысты байыпты шешім қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, хат жолдамақ.

Соңғы жаңалықтар