Қазақстанда 2026 жылы Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған әскери шеру өтпейді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Дегенмен ведомство аталған мерекелер аясында басқа әскери-патриоттық іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, ел бойынша ерлік сабақтары өткізіліп, үздік әскери қызметшілер мен ардагерлерге құрмет көрсетіледі. Сонымен қатар экологиялық акциялар ұйымдастырылып, әскери оркестрлердің шеруі мен шығармашылық ұжымдардың концерттері өтеді.
Бұдан бөлек, әскери техника мен қару-жарақ көрмесі қойылып, солдат ботқасы акциясы және ашық есік күндері өткізілмек.
Психологиялық қолдау: Гвардейск гарнизонында әскерилердің тәртібі талқыланды
Айта кетейік, 2025 жылы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен әскери шеруге 4 мыңнан астам әскери қызметші қатысып, 200-ден аса әскери техника мен 66 ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылған болатын.