Кеше АҚШ президенті Дональд Трамп Конгреске соғыстың аяқталғанын хабарлаған. Дәл осы күні Иранмен әскери қақтығысты жалғастыру үшін Конгрестің рұқсатын алу мерзімі аяқталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2026 жылғы 28 ақпанда басталған әскери іс-қимылдар тоқтатылды», деп жазды Трамп Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон мен Сенат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Чак Грасслиге жазған хатында.
Алайда хатта соғыстың толық аяқталмағанын меңзейтін мәлімдеме де болды.
«АҚШ-тың Иран режиміне қарсы операцияларының сәтті өткеніне және тұрақты бейбітшілік орнату бағытындағы жалғасып жатқан күш-жігерге қарамастан, Иранның АҚШ пен біздің қарулы күштерімізге төндіретін қаупі әлі де айтарлықтай», деді президент.
1973 жылғы әскери өкілеттіктер туралы қарарға сәйкес, АҚШ президенті әскери іс-қимылдарды тек 60 күн жүргізе алады. Осы мерзімнен кейін ол соғысты тоқтатуы немесе «шұғыл әскери қажеттілік» жағдайында Конгрестен тағы 30 күнге ұзартуды сұрауға тиіс.
Трампқа қастандық жасамақ болған күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
30 сәуірде CBS News америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап, АҚШ-тың Иранға қарсы соғысқа жұмсаған нақты шығындары Пентагон жариялаған 25 миллиард доллардан екі есе көп екенін хабарлады. Бір күн бұрын АҚШ Қорғаныс министрлігінің қаржы директоры Джулс Хёрст конгрессмендерге ресми шығын көлемі 25 миллиард доллар екенін айтқан. Алайда CBS News дереккөздері бұл есепке жойылған және зақымданған техника мен америкалық әскери базаларға келтірілген шығын кірмейтінін мәлімдеді.
Демократ сенатор Крис Кунс та ресми бағалауды тым төмендетілген деп атап, оған соңғы екі айда аймақтағы әскерді ұстауға кеткен шығындар енгізілмегенін айтты.
Инфрақұрылымды жою қаупі: Трамп Иранға тағы да сес көрсетті
Бұдан бөлек, БАҚ мәліметінше, Дональд Трамп Иран экономикасын мұнай экспортын шектеу арқылы тұншықтыру мақсатында ұзақ мерзімді теңіз блокадасына дайындық жүргізуді тапсырған.