Душанбе қаласында (Тәжікстан) дзюдодан Grand Slam санатындағы турнир басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасынан бір ғана спортшы финалдық кезеңге дейін жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Нұраділ Әлжан қола медаль үшін белдесті.
Қазақстан дзюдошысы Ачыты Домбууды (Ресей) жеңіп, үшінші орынға ие болды.
Виктор Друзин көркем жүзуден әлем Кубогі кезеңінде қола жүлде жеңіп алды
Осылайша, ұлттық құраманың қоржынына ірі халықаралық турнирдегі алғашқы медаль түсті.