Қазақ тағамдық және қайта өңдеу өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ) ғалымдары семіздік, 2 типті қант диабеті және жүрек-қан тамырлары ауруларын алдын алуға арналған диеталық құрғақ таңғы ас әзірлеу жобасын аяқтап келеді. Жоба халықтың тамақтану сапасын арттырумен қатар, функционалды өнімдер сегментінде импортты алмастыру мәселесін шешуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Ғалымдардың айтуынша, қазіргі нарықтағы көптеген құрғақ таңғы ас өнімдері қантқа бай, ал тағамдық талшықтар, витаминдер мен минералдық заттар аз. Жобаланған технология отандық дәнді шикізатты пайдаланып, дәннің құрамдас бөліктерін сақтау принципіне негізделген. Нәтижесінде тағамдық талшықтар, В тобы витаминдері мен минералдық элементтердің мөлшері арттырылады, ал энергетикалық тығыздық төмен болады.
Әлем мойындаған қазақ ғалымдары
Денсаулыққа пайдасыЖаңа құрғақ таңғы ас диеталық және профилактикалық тамақтану ретінде ұсынылады. Ол көмірсу алмасуын қалыпқа келтіруге, асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартуға және дене салмағын бақылауға көмектеседі. Қолданыстағы импорттық өнімдермен салыстырғанда, бұл өнім отандық нарыққа сапалы және пайдалы альтернатива болады.
Ғалымдарды қолдау қай деңгейде?
Ғылыми және экономикалық маңызыЖобаны іске асыру отандық пайдалы өнімдер желісін кеңейтеді, құрғақ таңғы ас импортына тәуелділікті төмендетеді және жоғары қосымша құнмен отандық дәнді қайта өңдеуді дамытуға ғылыми негіз қалыптастырады. Бүгінге дейін өнімнің дайындау әдісі мен өндіріс технологиясы әзірленді, ал келер жылы өнім нарыққа шығарылады.
Ғалымдар өзгерістерді қолдайды