• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 17:50

Қызылордада полицей өртеніп жатқан үйден 2 баланы алып шықты

30 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, жалын төртінші қабаттағы пәтердің балконынан тараған, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға орнына жақын жерде болған полиция қызметкерлері Қайсар Мамадалиев, Руслан Бауржанұлы, Нұржан Нағашыбай дереу өрт шыққан жерге бет алып, өрт сөндірушілердің келуін күтпей-ақ пәтердегі жалынды сөндіруге кіріскен.

Сондай-ақ олар пәтерде ұйықтап жатқан екі баланы оятып, қауіпті аймақтан алып шыққан. Осылайша полицейлердің батыл қадамының арқасында қайғылы жағдайдың алды алынып, балалар құтқарылған. Кейін оқиға орнына қосымша күштер мен төтенше қызметтер келіп, жағдай толық бақылауға алынған. 

Айта кетейік, 13 сәуір кешкі сағат шамамен 21:27-де Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, балалар құтқарылды. Сондай-ақ 12 сәуірге қараған түні Астананың Есіл ауданы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шығып, 3 баланың мәйіті табылды. Олардың анасы ауруханаға жеткізілген еді. Дәрігерлер 39 жастағы әйелдің жағдайының ауыр екенін мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар