• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 17:45

«Несиеңіздің мәртебесі жаңартылды»: Ұлттық банк алаяқтардың жаңа айласы туралы ескертті

20 рет
көрсетілді

Елімізде азаматтардың дербес деректерін иемденуге бағытталған телефон алаяқтарының әрекеті жиілеп отыр. Осыған байланысты Ұлттық банк тұрғындарды сақ болуға шақырады, деп жазады Egemen.kz.

Алаяқтар, әдетте, «несиеңіздің мәртебесі жаңартылды» деген мәтіні бар күмәнді хабарлама және сілтеме жолдайды. Алайда мұндай хабарламаларда қаржы ұйымының атауы көрсетілмейді. Мамандардың айтуынша, мұндай тәсілдер адамның назарын шатастырып, оны асығыс әрекет жасауға итермелейді.

Сілтемеге өткен жағдайда қолданушы екінші деңгейлі банк немесе микроқаржы ұйымының ресми сайтына ұқсас жалған платформаға тап болуы мүмкін. Онда азаматтан логин, телефон нөмірі, жеке куәлік деректері, банк картасының мәліметтері сияқты құпия ақпаратты енгізу талап етіледі.

Кейбір жағдайларда мұндай сілтемелер арқылы телефонға зиянды файл немесе қосымша жүктеледі. Ол орнатылған соң қаскөйлер құрылғыны қашықтан басқаруға және жеке деректерге қол жеткізуге мүмкіндік алады.

Цифрлық теңге – инвестициялық құрал емес: Ұлттық банк азаматтарға ескерту жасады

Осыған байланысты Ұлттық банк күмәнді сілтемелерге өтпеуге кеңес береді. Қажет болған жағдайда азаматтар өздерінің несие тарихын Мемлекеттік кредиттік бюро сайты немесе электрондық үкімет порталы арқылы тексере алады. Сонымен қатар «Стоп-кредит» қызметін қосу арқылы онлайн несие рәсімдеуге шектеу қоюға болады.

Реттеуші орган сондай-ақ өз қызметкерлері аудио немесе бейнеқоңырау шалмайтынын, жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін және қандай да бір қаржы өнімдеріне инвестиция салуға шақырмайтынын еске салды. Бұдан бөлек, еске салайық, Ұлттық банк сақтандыру қызметімен айналыспайды және халықпен тікелей ақшалай есеп айырыспайды.

Егер азаматтар алаяқтық әрекетке тап болса, құқық қорғау органдарына жүгіну қажет. Ал кеңес алу үшін Ұлттық банктің байланыс орталығына 1477 қысқа нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Ұлттық банк әлемдік футбол додасына арналған коллекциялық монеталар шығарады

Соңғы жаңалықтар