Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Үкіметтегі брифингте қазіргі таңда 7 блогерге қатысты салықтық тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, бір жыл ішінде 854 блогерге табысын төмен көрсеткені үшін 1 586 хабарлама жіберілген. Жалпы сомасы шамамен 72 млрд теңгені құрайды. Соның ішінде 622 блогер қосымша салық декларациясын тапсырып, табысын 18,3 млрд теңгеге арттырған. Нәтижесінде бюджетке қосымша шамамен 1 млрд теңге төленді. Сонымен қатар, тағы 600 млн теңге төлеу туралы талап қойылған.
Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды
Қазіргі уақытта тексеріліп жатқан 7 блогерге 10 млн теңгеден астам салық қайта есептелген. Егер олар бұл соманы өз еркімен төлемесе, іс құқық қорғау органдарына берілуі немесе заңды шаралар қолданылуы мүмкін.
Вице-министр тексеріліп жатқан блогерлердің есімдері салық құпиясына байланысты жарияланбайтынын атап өтті.
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Бұған дейін де 15 блогерге 1,5 млрд теңге қосымша салық есептеліп, оның 75 млн теңгесі мемлекет бюджетіне төленгені хабарланған.