Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында есірткі заттарын интернет арқылы байланыссыз тәсілмен таратумен айналысқан интернет дүкеннің қызметін тоқтатты, деп жазады Egemen.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыстық топтың 11 мүшесі, оның ішінде ұйымдастырушылар, операторлар және заңсыз қызметті қаржылық сүйемелдеген тұлғалар қолға түскен.
Алматыда жасырылған есірткі зертханасы әшкереленді
Заңсыз айналымнан шамамен 3 келі синтетикалық есірткі заттары, сондай-ақ қылмыстық схеманы үйлестіру үшін пайдаланылған байланыс құралдары, банк карталары және цифрлық тасымалдағыштар тәркіленген.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді.
Астанада ұландықтар есірткі қылмысының жолын кесті
Бұған дейін Павлодар полициясы заңсыз айналымнан 44 келі есірткіні анықтап, оларды өртеу тәсілі арқылы жойғанын хабарлағанбыз.