• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Алматыда әлеуметтік қолдау аясында 200-ден астам жұмыс орны ашылды

10 рет
көрсетілді

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан әлеуметтік бағыттағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 31 кәсіпкерге бизнестерін кеңейту үшін коммерциялық мақсаттағы нысандар берілген, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Нысандар құны бір шаршы метріне 0,1 АЕК немесе биылғы жылға белгіленген мөлшерге сәйкес 432,5 тең жеңілдетілген шартпен жалға берілген. Бұл нарықтық бағадан айтарлықтай төмен. Коммерциялық нысандар «Алматы» ӘКК ресми сайтында жарияланатын ашық байқау арқылы, қолайлы орындар пайда болған сайын ұсынылады.

Байқауға әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер қатыса алады. Инклюзия, денсаулық сақтау және білім беру бағытындағы жобаларға басымдық беріледі. Байқау жеңімпазымен жалдау шарты үш жылға дейінгі мерзімге, ұзарту мүмкіндігімен және сатып алу құқығынсыз рәсімделеді.

Сонымен қатар, үш айға дейін жалдау ақысы алынбайтын жеңілдік кезеңі қарастырылған. Осы тетік аясында ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған бейімдеу және оңалту орталықтары ашылып, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға логопедиялық, дефектологиялық, сенсорлық және нейропсихологиялық бағыттағы сабақтар ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, әйелдерге, жасөспірімдерге және зейнет жасындағы азаматтарға арналған шығармашылық шеберханалар мен үйірмелер жұмыс істеп тұр.

Жамбыл облысында 40 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Мұндай жобаларды қолдау тұрақты жұмыс орындарын ашуға және әлеуметтік осал топтарды экономикалық белсенділікке тартуға ықпал етіп отыр. Мәселен, жобалардың бірі аясында тігін өндірісі іске қосылып, әлеуметтік осал топтағы әйелдер жұмыспен қамтылды. Бұл олардың әлеуметтік бейімделуіне және табысын арттыруға мүмкіндік берді. Аталған әріптестік нәтижесінде «Алматы» ӘКК мен әлеуметтік кәсіпкерлердің серіктестігі арқылы қалада жалпы саны 217 жаңа жұмыс орны ашылды.

Еңбек нарығындағы сәйкессіздік: Бос жұмыс орны көп пе әлде жұмыссыздар ма?

Соңғы жаңалықтар